Кепілге алынғандар босатылды. Астанадағы банк басқыншысы ұсталды

3031
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Kaspi Bank-тің Астанадағы бөлімшесінің бірін басып алған қарулы ер адам ұсталды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, тұтқынға алынған банк қызметкерлерінің барлығы босатылды.

Kaspi bank ғимаратында күштік операция сәтті жүргізілді. Барлық кепілге алынғандар босатылды! Кепілге алынғандар полиция штурмынан кейін босатылды. Барлық қызметкерлер шығарылды. Басып алушы қауіпті емес! Барлығын дәрігерлер тексерді. Кепілге алынғандар да, басқыншы да зардап шеккен жоқ. Басқыншымен келіссөзді ішкі істер министрі М. Ахметжанов жүргізді. Ол сондай-ақ күштік операцияны басқарды, – делінген ІІМ баспасөз хабарламасында.

«Kaspi Bank» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір бөлімшеде тек банк қызметкерлері ғана, клиенттер жоқ.

Тәртіп сақшылары қызметкерлерді қорқытқан ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр. Полиция мен банктің барлық күші ешкімнің зардап шекпеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Кез келген ақпаратты таратуға жауапкершілікпен қарауға және құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтірмеуді сұраймыз. Кез келген қате ақпарат жағдайдың шиеленісуіне әкелуі мүмкін, – делінген хабарламада.

Белгілі болғандай,басқыншы Жамбыл облысында дүниеге келген 1993 жылғы Әлихан Мұрадов атты ер адам Ол Астананың қақ ортасында орналасқан Каспи банкінің филиалына басып кірген. 7 адамды қамауға алып, банктегі барлық қаражатты кедей-кепшік пен мүгедектерге таратып беруді талап еткен.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 261-бабы 2-бөлігінің 4 және 8-тармақтары бойынша (кепілге алу) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, 2013 жылдан бері басқыншы наркологиялық диспансерде есепте тұрады. Қылмыстық істер бойынша екі рет сотталған.

Еске салайық, бұған дейін Астанада қаруланған ер адам банктердің бірінде келушілерді кепілдікке алғанын хабарладық. Ол 7 адамды кепілге алып, талабы орындалмаса, үш сағаттан кейін біріншісін өлтіретінін ескерткен.

 

Пікірлер