Тегін оқудың өтеуі - cоғыс. Ресейде соғысқа баратын студенттердің жаппай тегін оқитыны айтылды

1693
Adyrna.kz Telegram

Ресейде соғысқа қатысатын студенттер тегін оқуға ауыстырылады. Бұл жайлы Ресейдің вице-премьер министрі Татьяна Голикова мәлімдеді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Арнайы әскери операцияға қатысуға бел байлағандар тест нәтижелеріне қарай жеке квота бойынша өздері таңдаған мамандық мен дайындық бағыттарындағы ЖОО-ға түсетін болады. Ақылы негізде оқып жүргендер үшін 2023-2024 жылдары тегін оқуға ауысу мүмкіндігі болады", — деді вице-премьер Татьяна Голикова.

Сонымен қатар, соғысқа қатысатындардың дайындық бөлімінде тегін оқуға құқығы болады.

Еске сала кетейік, мамыр айының соңында Ресейдегі Экономика Жоғары мектебі бірқатар соғысқа қатысушылар мен олардың жақын туыстарының оқуын өз қаражатынан төлейтінін хабарлан еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер