Тылсым дүние… Титаникты тамашалауға шыққандар қаза тапты

2596
Adyrna.kz Telegram

Титаник кемесінің ізіне түскендер қаза тапты, деп мәлімдейді “Адырна”.

3 күн бұрын Атлант мұхитынада Титаник кемесінің қалдықтарын көруге аттанған туристердің жоғалып кеткендігі жайлы хабарлаған едік. Алайда жоғалғаг “Титан” сүңгуірі тиесілі компания іс-түссіз жоғалғандардың қайтыс болғанын мәлімдеді. Олар мерт болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты.

Мұндай түйінге бірнеше фактор әсер етіп отыр. Титаниктың тылсымын тамашалауға кеткендерді іздестіру тобы Атлант мұхитында жоғалып кеткен «Титанның» бөлшектерін тапқан. Ал  туристер тірі қалған жағдайда да оларда тек 96 сағатқа жететін оттегі болған. Алайда бейсенбі күні ол таусылды. Кеше жағалау күзеті су астында белгісіз дүмпу болғанын тіркеген. Қазір оның анық-қанығы тексерілуде.

Бұл сапардың құны бір адамға 250 мың доллар тұрған. Деректер бойынша сүңгуір бортында британдық миллиардер, пәкістандық кәсіпкер 19 жастағы ұлымен, француз зерттеуші және OceanGate-тің негізін қалаушы болған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер