Заңсыз аударылған 57,5 ​​млн.теңге мемлекетке қайтарылды

1471
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында екі мектептің құрылыс жұмыстары кезінде тіркелген аса ірі көлемде қаржы жымқыру ісі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды “Адырна” порталы ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

“2020 жылдың мамырында Алматы облысы Кербұлақ ауданының білім бөлімі «ПМК-7К» ЖШС құрылыс компаниясымен келісім шарт жасасқан. Олар Сарыбастау және Қарағаш ауылдарындағы екі мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін арнайы келісімге қол қойып, құрылыстың жалпы сомасы 855 миллион теңгеден асқан.
Алайда, аталған кәсіпорын басшысы құрылыс жұмыстарын жүргізу кезеңінде жобалық-сметалық құжаттамада көзделген жұмыстардың бір бөлігін орындамай, орындалған жұмыстардың жалған актілерін жасамай, аса ірі көлемде қаржы ұрлығына жол берген», - делінген ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми хабарламасында.

Тергеп-тексеру жұмыстары нәтижесінде ЖШС-нің есеп айырысу шотына 57,5 ​​млн.теңге көлеміндегі қаражат заңсыз аударылғаны анықталып, қылмыскерлер жазасын алған. Мемлекетке келтірілген 57,5 ​​млн теңге шығын толығымен өтелді.

Пікірлер