Кремль қасарыса, халық кедейлене түсті. Ресей рублі қатты құлдырап барады

4034
Adyrna.kz Telegram
Ресейде девальвация үрдісі асқан жылдамдықпен жалғасып жатыр. Кері кеткен қаржы бағамын тоқтату мүмкін болмай тұр.  Соңғы бір жылда Ресейдің ұлттық валютасы 70 пайызға арзандаған. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы  qazaqstan.tv-ге сілтеме көрсете отырып хабарлайды. 

Сарапшылар бір айдың өзінде рубльдің долларға шаққандағы құны тағы 10 пайызға төмендегенін айтады. Өткен жылы жаз айларында бір доллар 60 рубльдің айналасында болса, қазір 90 рубльден асқан. Ақша аналитиктері бір жылдан соң 150 рубльге дейін жететінін айтады.

Девальвацияның бұлай өсіп, Ресей экономикасының тынысын тарылтуына, ұлттық валютаның құлдырауына әсер етіп отырған басты фактор ретінде санкция зардаптары көрсетіледі.

Қазір Ресей салынған санкциялар саны мен ауқымы бойынша әлемде бірінші орынға шыққан. Бұл күнкөрістің төмендеп, кедейлердің артуына себеп болған. Еңбек, әлеуметтік саясат және ардагерлер комитетінің мүшесі Светлана Бессараб бұған қатысты былай дейді:

- 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақының санын 18,5 пайызға арттыру жоспарланып отыр. Бұл азаматтардың сатып алу қабілетін арттыруға және кедейлікпен күреске бағытталған. Өйткені бүгінгі күні 15 млн-ға жуық ресейлік кедейшілік деңгейінде өмір сүруде.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер