Алматының қақ ортасында жылу құбыры жарылды: төрт адам күйіп қалды - видео

2235
Adyrna.kz Telegram

Коммуналдық қызметтер оңтүстік мегаполистің қақ ортасында болған жылу құбыры апатының салдарын жоюға тырысып жатыр

АЛМАТЫ, 10 сәуір – Sputnik. Алматыда сәрсенбі таңертең жылу құбыры жарылып, салдарынан 4 адам зардап шегіп, 7 пәтер және 8 көлік бүлінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Алматы жылу желілері" ЖШС-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Апат Пушкин және Төле би көшелерінің қилысында таң алакеуім уақытта сағат 04:14 кезінде болған.

"Жылу құбыры жарылып, 4 адам күйіп қалды. Олар бірден ауруханаға жеткізілді. Одан бөлек көпқабатты тұрғын үй кешенінің 7 пәтері, сол маңға қойылған 8 көлік бүлінді", - дейді компаниядағылар.

Алматы жылу желісі зардап шегушілердің шығыны нақтылана салысымен, оны төлеуге дайын екендіктерін де айтты.

"Адамдардың денсаулығына және мүлікке келтірілген шығын көлемі анықтала салысымен, еліміздегі заңнамаға сәйкес компания өтемақы төлейтін болады", - дейді ондағылар.

Олар жылу құбырын жөндеп, оны қайта іске қосу үшін бір күн кететінін айтты.

Баспасөз қызметі мәлімдегендей, төтенше жағдайға жылу құбырының әбден ескіруі себеп болған. Ол арада жатқан диаметрі жарты метрлік құбырлар 1993 жылы салынған екен.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер