Моңғолиядағы мерекеде қазақ азаматы баптаған сәйгүліктер бәйгенің алды болды

1793
Adyrna.kz Telegram

Моңғолияда 11 шілдеден басталатын дәстүрлі «Наадам» мерекесі тойланып жатыр. Моңғол халқының ұлттық мерекесінде ат жарысы, ұлттық күрес өтіп, айтулы күннің садақ ату сынды сайыстармен көркі қызады. Мерекеге орай ұйымдастырылған ат жарысында атбегі Сапар Байынұлының төрт бірден сәйгүлігі оза шапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы жергілікті  «Janadauir.com»-ге cілтеме көрсете отырып. 

Моңғолиядағы Улаанхус өлкесінің тумасы, белді кәсіпкер, атбегі Сапар Байынұлының баптаған сәйгүліктері жүлделі болды. Бапкер осы жолғы тойға тай жарысынан бастап айғыр жарысына дейін 7 ат қосқан. Оның 2 аты бірінші келген.

Анығырақ айтқанда жуан ат және құнан жарысынан бірінші, тай және бесті ат жарысынан үшінші болып көмбеге жеткен, деп хабарлайды моңғолиялық «Janadauir.com».

Бәйгеге қосылған аттарының ішінен 4 аты жүлдегер атанған.

Атбегі Сапардың айтуынша, ол ат баптаудың қыр-сырын кішкенеден жетік меңгерген. Өзі бала күнінен асау үйретіп, жүйрік мінген қыр баласы екендігін айтты. Ат бапкері қыс бойы 24 жылқыны қолға ұстап, оларды аламанға дайындайтынын хабарлады.

Атбегі Сапар Байынұлының болашақтағы мақсаты – жылқы тұқымын асылдандыру.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер