«Ақкентегі» өрттен зардап шеккен тұрғындарға мектептен жатын орындар ұсынылды

1761
Adyrna.kz Telegram

Алматыдағы «Ақкент» тұрғын үй кешенінің зардап шеккен тұрғындар үшін мектепте түнеу ұйымдастырылды, деп хабарлайды ""Адырна" порталы қала әкімнің баспасөз қызметіне сілтеп.

«Өрттен зардап шеккен тұрғындарға жақын маңдағы дәмханада тамақ беріледі, зардап шеккен тұрғындар 178-ші лицей аумағында түнейді. Ол жерде Алматы қалалық Құтқару қызметі арқылы 250 төсек орналастырылды», - делінген хабарламада.

«Жеті күн» қонақүйінде 14 нөмір брондалғаны көрсетілген. Әкімдіктің хабарлауынша, ол жақта түнуге бір адам ғана шешім қабылдаған.

Зардап шеккен үйдің жанынан No54 үйдің алдында жедел штаб құрылып, тәулік бойы жұмыс істеуде. Құрамына Төтенше жағдайлар департаменті, прокуратура, ҰҚК, әкімдік, облыстық қоғамдық ұйым өкілдері кіреді.

«Зардап шеккен үйдің кіреберісі мөрленген, тек оның тұрғындары ғана ішке кіре алады. Олардың көбі үй алдында БАҚ өкілдеріне сұхбат береді. Аудандық аумақты санитарлық тазалау қызметінің жұмысы жолға қойылды. Ауыз су да жүйелі түрде жеткізіліп, биоәжетханалар орнатылды», - деді әкімдіктегілер.

Зардап шеккендер үшін сенім телефоны құрылды: 87071872507, 3989820.

Еске сала кетейік, Алматыда 16 қабатты тұрғын үйдегі өрттен 250-ден астам адамның эвакуацияланғаны белгілі. Өрт сағат 18:46-да сөндірілді.

Пікірлер