Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектері еліміздің және әлемнің жетекші университеттерінің студенттері атанды

5606
Adyrna.kz Telegram

2023 жылы мектеп жеңістерінің қатарында: Жапониядағы Токио халықаралық университеті, Будапешт технология және экономика университеті, Венгриядағы Дебрецен университеті, Италиядағы LUIS университеті, CityU Қытай, Гонконг университеті HKBU, Рочестер технологиялық институты Дубай, бірқатар американдық университеттері Дрексел, Калифорния өнер институты, Айова штаты университеті, Hult халықаралық бизнес мектебі, Хаверфорд колледжі.

Виктор Кахно Германиядағы Вюрцбург қолданбалы ғылымдар техникалық университетіне оқуға түсті. Университет бүкіл әлем бойынша 150-ден астам серіктес университеттері бар Германиядағы қолданбалы ғылымдар бойынша үздік университеттердің бірі болып табылады.

Виктор Бизнес және инженерия факультетінде оқуды жоспарлап отыр. Жоғары оқу үлгерімі, халықаралық және жобалық байқаулардағы жүлделі орындар Викторға толыққанды грант иегері атануға көмектесті. Дарынды оқушы робототехника бойынша бірқатар жобалардың авторы. Ең танымал жұмыстардың бірі - көру қабілеті нашар адамдарға арналған көзілдірік.

Алинура Амитова ЮНИМИ университетінен Италияға шақырту алды. UNIMI жетекші пәнаралық оқу және ғылыми-зерттеу мекемесі болып табылады. Әлинұрдың таңдауы халықаралық саясат, құқық және экономика факультеті.

NIS - те алған біліміміздің арқасында әрқайсымыздың еліміздің және әлемнің үздік университеттеріне түсуге мүмкіндігіміз бар. Мұнда біз ізденуді, ішкі мотивацияны өте жоғары деңгейде ұстау, мақсатқа жету үшін аянбай еңбек етуді үйрендік. Осының бәрі бізді жетістікке жетелейтініне сенімдіміз, – дейді білім грантының иегері Алинура Амитова.

Айта кетерліктей жағдай, Талдықорған қаласынағы NIS түлектерінің 75% қазақстандық жоғары оқу орындарына қабылданды.

Оның бірі, Әлішер Бекмұстафаев Назарбаев Университетіне грант ұтып алды. Әлішердің мақсаты – нейрохирург болу. Медицина ғылымдарының бакалавры - мақсатқа жетудің алғашқы қадамы.

2023 жылы Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін 72 түлек бітірді, оның 18-і шетелдік жоғары оқу орындарына жолдама алды, 24-і Назарбаев Университетінің білім грантының иегері атанды.

 

 

Пікірлер