Мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы артады

1749
Adyrna.kz Telegram

Алматыда мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға артады, деп хабарлайды “Адырна”.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың ұсынысымен, қалалық мәслихат депутаттарының мақұлдауымен Алматы қаласы мәдениет басқармасының ұйымдары мен кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысын 30%-ға ұлғайту туралы шешім қабылданған.

Соның ішінде хайуанаттар бағы, цирк, қуыршақ театры, «Алатау» дәстүрлі өнер театры, мемлекеттік мұрағат, кітапхана, музейлер бірлестігі, «Алматы әуендері» мекемелеріндегі барлығы екі мың қызметкердің жалақысы көтеріледі. Бұл туралы Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев хабарлады.

Жалақыға байланысты жас мамандар жұмыстан жиі кететінін айтқан басшы өз кезегінде жас білікті кадрларды тәрбиелеуді қиындататынын да атап өтті.

Сол себепті де Алматы мәслихатының қарауына қалалық мәдениет басқармасының ұйымдары, кәсіпорындары қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу мәселесі ұсынылған.

Пікірлер