"Теңізшевройлға" 3 млрд теңгеге жуық айыппұл салынды

1360
Adyrna.kz Telegram

2023 жылы "Теңізшевройл" компаниясына түрлі экологиялық заң бұзушылықтарға жол бергені үшін 2,8 млрд теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды “Адырна” сайты. Бұл туралы Атырау облысы экология департаменті мәлімдеді.

"2023 жылы Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы "Теңізшевройл" ЖШС қоршаған ортаға экологиялық эмиссияларды рұқсатсыз шығарғанын, рұқсат етілген нормативтерден асырып жібергенін және жерді бүлдіргенін анықтап, заң бұзушылыққа жол берген тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту ұсынды", - деп жазылған хабарламада.

Осыған орай, Атырау облысы бойынша экология департаменті "Теңізшевройл" ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328 және 337-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасап, қарау үшін Жылыой аудандық сотына жолдады.
Жылыой аудандық сотында жоғарыда аталған істер біріктіріліп қаралып, нәтижесінде "Теңізшевройл" ЖШС-не жалпы сомасы 2,8 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұлдар салынды.

 

Пікірлер