Оппозицияның кандидаты Ермұрат Бапи

2188
Adyrna.kz Telegram

Ермұрат Бапи алдағы президент сайлауына қатысуы мүмкін деп жазады  Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының ресми сайты хабарлады.  

"ЖСДП Саяси кеңесі партияның 14-ші съезін 2019-шы жылдың 26-шы сәуірінде өткізуді қаулы етіп,  9-маусымда болатын  президенттік сайлауға Ермурат Бапиды съезге үміткер ретінде ұсынды", - деп жазылған хабарламада.

Ермұрат Бапи 1959 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Әр жылдары түрлі басылымдарда еңбек еткен. «DAT» жобасының жетекшісі, 1999 жылы тәуелсіз «Солдат» газетінің Бас редакторы болған. «Азаттық» сыйлығынын иегері. 2016 жылы ЖСДП-ның атынан мәжіліс сайлауна түскен. Саяси ұйымның президиум мүшесі.

Пікірлер