Ақтөбеде 26 жастағы қыздың 7 қабаттан секіріп кеткені айтылды

1821
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбеде 26 жастағы қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Қайғылы оқиға 18 тамыз күні болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жедел басқару орталығына көпқабатты үйдің балконынан қыздың құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері тоғыз қабатты үйдің  7-ші қабатының балконынан секірген 26 жастағы қыздың мәйітін тапты. Ол алған жарақаттарынан жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болды»,—деп түсіндірді Ішкі істер министрлігі.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Пікірлер