Астана жекеменшік мектептеріндегі мұқтаж оқушылар көмегіне кім жауапты?

1361
Adyrna.kz Telegram

Астана қаласы жекеменшік мектептеріндегі мұқтаж оқушылар жағдайы сөз етілді, деп жазады "Адырна". Мәселенің мән-жайын Шыңғыс Мұқан әлеуметтік желіде бөлісті. 

Астана қаласындағы жекеменшік мектептердегі  көмекке мұқтаж оқушылардың жағдайы желіде талқыға түсті. Елімізде жекеменшік мектептердегі оқушыларға мемлекет кітап бермейді, ыстық тамақпен қамтамасыз етпейді, бірақ олар Қазақстан азаматтары ғой, деп көтерді мәселені Шыңғыс Мұқан:

"Біріншіден, президенттің мұқтаж оқушыларға бір реттік көмек беру туралы тапсырмасы толық орындалмайын деп тұр, себебі жекеменшік мектептерде оқитын мұқтаж оқушылырға көмек беретін заң тетіктері жоқ. Екіншіден, жекеменшік мектептерге мемлекет кітап бермейді. Үшіншіден, мемлекет есебінен ыстық тамақ беруге болмайды. Оқушыдарды заң алалайды. Балаларды алалайтын заңды неге өзгертпеске!" деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол жекеменшік мектептердегі оқушылардың ата-аналары әлі күнге дейін хабарласып, аталған мәселеге қатысты көмек сұрайтынын жеткізді ол.
Пікірлер