Тиесілі жер жекеге сатылып кеткен. Павлодарда 7 мың студент жатақханасыз тентіреп жүр

1689
Adyrna.kz Telegram

Павлодар қаласындағы екі мемлекеттік унивверситет студенттері жатақханасыз жүр, деп жазады "Адырна" порталы. Бұл туралы журналист Оңғар Қабден әлеуметтік желіде бөлісті. 

Ол өзінің жазбасында Павлодардағы қос бірдей ЖОО-ның сутденттері жатын орынсыз қалғанын, Торайғыров университетінің салынған жатақханасының өзі әлі сатылымда тұрғанын айтты.

"Жатақхана орнына комерциялық үй соғылған. Қазір жарнама арқылы пәтерлер сатылымда тұр. Өйткені, Президенттің педагог мамандығы мәртебесін көтеру бастамасына сай Павлодардың қақ ортасынан, номері 34 мектептің стадионынан опырып тұрып ойып берген 1 гектардан астам жерді жекеге сатып жіберіпті" деп жазды ол.
Сондай-ақ, ол Торайғыров университетінің сол кездегі ректоры Гауһар Ғалымқызы жатақханаға берілген аумақты жоғары оқу орнының иелігіне рәсімдеп қойғанын мәлімдеді.
Пікірлер