Атырауда 81 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

3811
Adyrna.kz Telegram
жалған_диплом
жалған_диплом

Атырауда 81 мұғалім жалған құжатпен жұмыс істеген. Бұл туралы облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің превенция басқармасының басшысы Жәнібек Қаражанов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол білім беру саласында сыбайлас жемқорлықтың жиі болатынын атап өтті.

«Білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кезінде көптеген кемшілік анықталып отыр. Мәселен, мектептерде «өлі жандар» бар. Қызметкерлер мен оқушылар саны бірдей мектептер әртүрлі қаржыландырылған. Бір қызметкер бір мезгілде 4-5 мекемеде жұмыс істеген. Кейбір білім беру мекемесінде басшылар өздеріне лауазымдық жалақысына үстемеақы аударып отырған. Мониторинг нәтижесінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 51, орта мектептерде 30 қызметкердің жалған дипломды пайдаланғаны анықталды», - деді ол.

Басшы бұл фактілерді жою үшін облыстық білім басқармасына Департамент әзірлеген 26 ұсыныс жолданғанын мәлімдеді.

«Қызметкерлердің контингенті бойынша деректерді автоматты түрде салыстыру үшін интеграцияны қамтамасыз ету қажет. Жергілікті атқарушы орган деңгейінде бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру, бекіту процестерін автоматтандырған жөн. Білім беру мекемелеріне кіру, шығу уақытын форматты-логистикалық бақылауды белгілеу мүмкіндігімен қызметкерлерінің қатысуын бақылау секілді ұсыныстар бар», - деді Жәнібек Қаражанов.

Пікірлер