Теңгенің ең қатты құлдыраған валютаның бірі болғаны хабарланды

1549
Adyrna.kz Telegram

Bloomberg ақпарат агенттігі өткен аптада Ресей рублінің қысқа мерзім ішінде құлдырауы Қазақстанның ақша нарығына соққы жасап, теңгені құлдыратып жібергенін хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Азаттық" радиосында жарық көрген зерттеуде теңгенің құбылмалы "тағдыры" егжей-тегжейлі талданады.

Ресей орталық банкі өткен апта басында шұғыл жиын өткізіп, капиталды бақылау үкіметтің күн тәртібіне оралған соң, рубль бағамы қалпына келді. Ал теңге бағамының құлдырауы өткен жұмаға дейін жалғасты. Теңгенің Аргентино песосынан кейін әлемде ең қатты құлдыраған валюта болғанын айтылды.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңге бағамының құлдырауына қатысты пікір білдіріп, «рубльдің әлсіреуіне реакция» деп түсіндіреді.

«Рубль мен теңгенің долларға шаққандағы айырбас бағамы арасында байланыс сақталғаны анық», − дейді Молдабекова. − Бірақ қазір бұрынғыдай жоғары корреляция байқалмайды».

Өткен аптада бес күн бойы құлдыраған теңге бағамы өткен жұма күні 2 пайызға нығайып, дүйсенбі күні долларға шаққандағы бағам өзгеріссіз қалды.

Молдабекованың айтуынша, Ұлттық банк валюта нарығындағы саудаға араласпаған. Теңге құлдырағанның бір себебі – экспортерлер теңге ары қарай құлдырайды деп болжап, шетел валютасын сатқысы келмеген.

Ресей – Қазақстанның ірі сауда серіктесі, Астана мен Мәскеу арасындағы тығыз экономикалық және сауда қарым-қатынас теңгені рубльге байлады.

Молдабекованың сөзіне қарағанда, екі валютаның арасындағы корелляция бұрынғымен салыстырғанда қатты әлсіреді. Мәскеуге қарсы Батыс санкциялары Ресей экономикасын қыспаққа алды, миллиардтаған доллар оңтүстікте жатқан көршілерге аударылды, сол елдердің экономикасына қан жүгіртіп, валютасын нығайтты.

Дей тұрғанмен теңгенің құлдырауы осы аптада да жалғасты. Теңгенің долларға шаққандағы бағамы 7,83 теңгеге әлсіреді. 25 тамызда Қазақстан қор биржасындағы доллардың орташа бағамы 460,84 теңгеге жетті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер