Енді әрбір қазақстандық өз атына несие мен микроқарыз рәсімдеуге өз еркімен тыйым сала алады

1638
Adyrna.kz Telegram

Енді еліміздегі әрбір азамат өз атына несие мен микроқарыз ресімдеуге өз еркімен тыйым сала алады, деп хабарлайды "Адырна".

Ол үшін eGov mobile мобильді қосымшасында немесе eGov.kz порталында өтінім беру қажет.

Бұл қызметке өтінішті тек азаматтың өзі бере алады. Несие мен микроқарыздарды ресімдеуге тыйым салу 6 айға белгіленеді, мерзімі өткеннен кейін автоматты түрде алып тасталады. Сондай-ақ, бұл шектеулерді кез келген уақытта жоюға болады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер