“Өзім-ақ сүртемін”. Автобуста тосап төгіп алған қарт адамды қорғаған қыздың видеосы талқыға түсті

2968
Adyrna.kz Telegram

Алматыдағы автобустардың бірінде қарт адам банкадағы тосабын төгіп алып, оған екі жолаушы әйел зекіп сөйлей бастайды. Араша болған жасөспірім қызды сынға алған видео желіде тарады, деп жазады “Адырна”. Видеодағы қызбен Tengri тілшілері тілдесті.

Зейнеткерге көмек көрсеткен 15 жастағы Жаннұр есімді қыз екені белгілі болды. Ол қарт адамның жағдайын түсіп, “салғырттық таныттың” деп жазғырған екі әйелге қарсы шығады. Тіпті ол жерге төгілген тосапты “өзім-ақ сүртемін” деп, күртесімен былғанған жерді тазалап шықты.

«Мені бала кезімнен адамдарға қамқор болуға және көмектесуге үйретті.
Мен әділдікті жақтаймын және екі әйелдің бұл ісін түсіне алмадым.
Олардың әлгі атаны жазғырғаны маған қатігездік болып көрінді. Төгілген тосап үшін олардан көптеген жағымсыз сөздер естіді».

«Олардың сөзі мені ренжіткен жоқ, бұл олардың тәрбиелік, мәдениеттілік деңгейі. Дегенмен, мен бәрін дұрыс жасадым ба деп ойладым. Өйткені ол жанжалды шешуге тырысқан сияқты, бірақ жағдай ушығып кетті» деп бөлісті пікірімен Жаннұр.

Видео сілтемеде : https://www.instagram.com/reel/CwnQckCt7j0/?igshid=MzRlODBiNWFlZA== 

Пікірлер