Кәріз құдығына құлап, мерт болған. Алматы облысында үш жасар бүлдіршіннің өлімі зерттелуде

2464
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында балабақшаның кәріз құдығына құлап кеткен үш жасар бүлдіршін ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" порталы. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің (ПД) басшысы Бауыржан Әленов мәлімдеді.

«13 қыркүйек күні сағат 13:08 шамасында Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөліміне Қырбалтабай ауылындағы балабақшалардың бірінің аумағында үш жасар бүлдіршіннің ашық кәріз септигіне құлап қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті», - деді Әленов әлеуметтік желідегі парақшасында.

ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабының 2-бөлігі (Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық, объективті және жан-жақты зерделеу үшін қажетті сараптамалар тағайындалып, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеу барысын бақылауға алдым», - деп қосты Әленов.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер