Алты мың құрбан, он мың жоғалған. Ливиядағы жойқын табиғи апат салдары айтылды (ВИДЕО)

2793
Adyrna.kz Telegram

13 қыркүйектегі жағдай бойынша Ливия билігі елдің шығысында «Дэниел» дауылы кезінде болған су тасқыны салдарынан 6 мыңнан астам адамның қаза тапқанын растады, деп жазады “Адырна”.

Бұған дейін 10 000 адам із-түзсіз жоғалған деп хабарланған болатын.

Әсіресе Дерна қаласы мен оның маңайында құрбан болғандар көп болды. Ливияның Ішкі істер министрлігі 90 мыңға жуық адам тұратын Дерна қаласының басым бөлігі су мен лай ағынынан қирап қалғанын хабарлады.

Ақпарат нақтылануда.

Италия Ливияға өрт сөндірушілер мен су тасқыны бойынша мамандарды жіберді. Сонымен қатар, медициналық және логистикалық көмек көрсету үшін Италиядан Ливияға кеме аттанды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер