Ақтөбеде 11-сынып оқушысы асылып қайтыс болғаны айтылды

2850
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе полициясы оқушының өз-өзіне қол жұмсауының себептері мен салдарын анықтап жатыр, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

12 қыркүйекте он бірінші сынып оқушысының туыстары жасөспірімге іздеу жарияланды. Келесі күні мектеп оқушысы көршілерінің қорасынан асылған күйінде табылды.

"13 қыркүйекте полиция бөліміне көршілерінің қорасынан кәмелетке толмаған 2007 жылы туған баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Келген жедел-тергеу тобы кәмелетке толмағанның өз-өзіне қол жұмсағанын анықтады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жасөспірім оқитын мектепте оның сыныптастарымен ешқандай жанжал болмағанын айтты. Ешқашан сабақтан қалмайтын, әрқашан достық қарым-қатынаста болатын. Он бірінші сынып оқушысының жоғалып кеткенін білген мұғалімдер отбасымен бірге оны іздестірді.

«12 қыркүйекте мектеп инспекторы бізге қоңырау түскенін хабарлады: ата-анасы оның үйден кеткені туралы хабарласты. Ата-аналармен және мұғалімдермен бірге біз параллельді іздеу жұмыстарын бастадық. Ал кеше., 13-і күні баланың қайтыс болғаны туралы хабар келді. Өте ақкөңіл, көпшіл, бауырмал, еңбекқор бала еді. Ата-анасына үнемі көмектесіп тұратын. Отбасына көңіл айтамыз. Кешеден бері сол жердеміз, жақын аралықта марқұмның жақындарының жанында боламыз», деді оқушы оқыған мектеп директоры.

 

 

Пікірлер