“Қорқақ қоян көріп отырмын”. Балғынбек Имашев Ринат Зайытовқа жауап берді

2074
Adyrna.kz Telegram

«Аманат» партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың Қазақстан мұсылмандары туралы өтірігі араздықты қоздырады, деп санайды айтыскер Балғынбек Имашев. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна.

«Аманатқа қарсы болғанығда да, осы партияның аузы дуалы болғанында да қолдадық. Өз басым осы уақытқа дейін қажетсіз сөздер айтып, жала жауып, даулы пікірлер айтқаныңа үндемей келдім. Дегенмен, қазіргі резонансты мәлімдемеңіңе байланысты мен ашық айтуым керек. Ақпараттық шабуылға ұшырағаныңды естіп, бауырымды қорғайын деп, әлеуметтік желіге кірсем: «Алаяқтардың 80 пайызы намазхандар қауымы. Өтірік болса, бетіме айтсын” деп айды аспанға шығарыпсыз.  Құдай-ау, бұл «статистика» қайдан шыққан? Не деген арифметика?! Бұл базарға барып, майдың бағасын біле салатын жүние емес қой”, - деді Балғынбек Имаш. 

Одан бөлек, ақын жалған статистиканы айтып, халықты жаңылыстыруға жол берілмейтінін атап өтті.

«Барлық мұсылмандарға жала жауып, кейін олар қудалап жатыр деп айта бастағаныңды қалай түсінуге болады? Бұл еркектік әрекет пе? Яғни, сен қалағаныңды айта аласың, қалағаныңды ғайбаттай аласың, бірақ сенімен дауласуға болмайды екен?». – деді айтыскер депутатқа.

Имашев Зайытовты қорқақ қоянға теңеді.

«Қорықпаймын» деп жазған жазбаңның артында халықтың артына тығылмақ болған қорқақ қоянды көріп тұрмын. Мұсылмандардан қорықпа, олар саған зиян тигізбейді, олардың дұға еткенінен – Алладан қорқу керек. Айтыста эмоцияның жетегінде ән айтатын өлең жолдарыңа ренжімейміз, бірақ мәжіліс депутаты ретінде айтып отырған расталмаған, дәлелденбеген мәліметтерге қарсымыз», - деді Имашев.

Сондай-ақ,  ол Ринат Зайытовқа арнап өлең шығарды.

Пікірлер