Тоқаев заңсыз митингі жайлы: "Мен Сіздерге қатаң ескертемін"

1830
Adyrna.kz Telegram

Мереке күндері болатын заңсыз митингілерге қатысушылардың қатаң жазаланатынын осыған дейін ІІМ мен Бас прокуратура ескерткен болатын. Енді ҚР президенті де осыған мәлімдеме жасады.

«Менің түсінігімдегі әділеттік – заңның салтанат құруы. Мемлекеттік шенеуніктер де, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де, барлығы да заңға бағынуы керек. Сондай-ақ, заңды еліміздің азаматтары да сақтауы қажет. Заң бәріне бірдей. Қандай да бір сын айту да, заң аясында болуы тиіс. Егер адамдардың жиналуына қатысты айтар болсақ, ол да рұқсатпен болуы шарт. Сондықтан, мен біздің елде заңдардың сақталатынын қатаң ескертемін»
Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ел президентінің бұл мәлімдемесін баспасөз хатшысы Берік Уәли өз парақшасында жариялады.

Пікірлер