27 қыркүйек - Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан атылған күн

2340
Adyrna.kz Telegram

Бүгін - Алашорда көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың өлім жазасына кесіліп, атылған күні. 

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.

Тура осыдан 86  жыл бұрын, яғни 1937 жылы 27 қыркүйекте И. В. Сталин басқарған Кеңес өкіметінің жоғарғы соты қазақты қайта ел қылған Алашорда үкіметінің көсемі Әлихан Бөкейханның көзін жоюа ауыр үкім кесіп, сұмдық жазаны сол күні орындаған.

Ұлт көсемі Әлекеңнің 1917 жылы Алашорда үкіметін құрып, жаңадан құрылған қызыл үкіметтің саяси көзқарасы қазақтың қоғамдық-саяси өміріне қарама-қарсы екенін біліп, әскер жиып, әскерін қаруландырып, соғыс әдістеріне үйретіп, Кеңес өкіметімен соғысқаны үшін;

Әлиханның енді дамуға бет алған Жапония үкіметінің таза ұлттық мемлекет құру үлгісін таңдап, сол жолда Алашорда үкіметін дамытпақ болғаны үшін;

Ресей жерінен ауған Кольчак пен Анненковтармен т.б. қару-жарағы мен идеялары мықты Кеңес үкіметіне қарсы топтармен біріккені үшін.

КСРО үкіметінің саясатқа бағынатын заң орындары Әлекеңе осындай ең үлкен үш кінә тағып, ату жазасына бұйырып, сүйегін өртеп жіберген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер