Алматы облысында туристер мінген автобус жол апатына ұшырады: бір адам қаза тапты

2016
Adyrna.kz Telegram
Сурет: instagram.com/baurzhan__alenov
Сурет: instagram.com/baurzhan__alenov

Алматы облысында туристер мінген автобус жол апатына ұшырап, салдарынан бір адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қайғылы оқиға 5 қазан күні болған.

«Кеген ауданы Саты ауылдық округі аумағында «Қайыңды-Саты» таулы автожолының 9-шақырымында 47 жастағы автобус жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, 1997 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «УАЗ» автокөлігімен соқтығысқан.

Аталған деректі Кеген аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлімі бойынша тіркеді. Жол апаты салдарынан 36 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатар, түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға 6 адам жеткізілді»,—деп түсіндірді Бауыржан Әленов.

Қазіргі уақытта осы жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған сараптама тағайындаумен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Автобус жүргізушісі Кеген ауданы полиция департаменті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Пікірлер