«Қазақстанның халық жазушысы» қайта орала ма?

2768
Adyrna.kz Telegram
фото: Алматы ақшамы
фото: Алматы ақшамы

«Қазақстанның халық жазушысы» атағы қайта беріледі, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда «Қазақстанның халық жазушысы» атағын қайтару тапсырмасы аясында Ашық НҚА порталында Үкімет қаулысының жобасы жарияланған болатын.

Бұл атаққа бұған дейін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» және әдебиет саласындағы Мемлекеттік сыйлық лауреаты атанғандар үміткер бола алатын.

«Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағы Қазақстан Республикасының әдебиетін дамытуға ерекше үлес қосқан, бұрын «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» және (немесе) әдебиет саласындағы  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған тұлғаларға беріледі», - делінген Үкімет қаулысының жобасында. 

 Үкімет қаулысына қоса берілген түсіндірме жазбада «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағы төбелгісінің сипаттамасы жазылған.

Төсбелгі диаметрі 30 мм дұрыс шеңбер нысанындағы жезден дайындалып, оның беткі жағында кітап пен қауырсын бейнеленетін болады. Ал жоғарғы бөлігінде төсбелгі шеңбері бойымен «Қазақстанның халық жазушысы» деген жазу орналасады.

 Айта кетейік, «Қазақстанның халық жазушысы», «Қазақстанның халық әртісі», «Қазақстанның халық ақыны» атақтарын беру 1994 жылдан бастап тоқтатылып, олардың орнына «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы тағайындалған болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер