Елімізде 200 жаңа мамандық пайда болады

1512
Adyrna.kz Telegram
фото: қармақшы таңы
фото: қармақшы таңы

Қазақстанда 200-ден аса жаңа мамандық пайда болуы ықтимал. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Halyq Uni сайтының ақпаратына сәйкес, ведомство басшысы болашақта жаңа дағдыларға қажеттілік туындайтынын атап өтті.

Жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласына сәйкес, жақын арада Қазақстанда 239 жаңа мамандық пайда болуы мүмкін. Осыған байланысты бүгіннен бастап болашақ кардларды алдын ала дайындай беру қажет, - деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, білім беру жүйесі мен еңбек нарығындағы байланысты қамтамасыз ету үшін Ұлттық біліктілік жүйесі дамытылады.

Кәсіптік біліктілік туралы» заң қабылданды. Тиісті цифрлық платформа іске қосылды. Бүгінде 623 кәсіптік стандарт қабылданды, олар 3 мыңға жуық кәсіпке қатысты жұмыс берушілердің талаптарын айқындайды. 2025 жылға дейін тағы 400 кәсіптік стандарт әзірленеді. Қолданыстағы кәсіптік стандарттар негізінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары деңгейінде 4,1 мың білім беру бағдарламасы енгізілді, – деді Светлана Жақыпова.

Сөз соңында министр студенттердің өндірістік тәжірибесінен өту және түлектерді жұмысқа орналастыру Электрондық еңбек биржасы арқылы іске асырылатынын жеткізді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер