ЕРҚАНАТ КӨПЖАСАРҰЛЫ: 1947 жылы БҰҰ резолюция қабылдайды. Келіспеген арабтар қолына қару алады. Содан бері бұл соғыс тоқтаған жоқ.

1673
Adyrna.kz Telegram
Foto: AFP
Foto: AFP
... 1947 жылдың сәуірінде Ұлыбритания БҰҰ-на Палестина сауалына жауап беруді талап етеді. Арнайы құрылған комиссия Палестинаны Араб-Еврей мемлекеті қылып екіге бөлеміз бе, әлде екі ұлтқа бір ортақ мемлекет құрамыз ба деген сұраққа жауап іздейді.
Бірінші нұсқа еврейлерге ұнағанымен, арабтар жер бергісі келмеді. Ал ол кезде әлем АҚШ және КСРО деген екі лагерьге бөлініп жатқан еді. АҚШ-тың кімдерді қолдайтыны о бастан белгілі.
КСРО жүйесі сионизмді ұнатпайтын. Үлкен кеңестік энциклопедияда олар жайында жағымсыз пікір жазылған. Еврейлерді де репрессиялап аяушылық танытпады.
Десе де 1947 жылдың 14 мамыры БҰҰ-ның Бас ассамблеясында КСРО-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Андрей Громыко «еврейлер соғыс жылында аз зұлымдық көрген жоқ. Батыс Еуропа елдерінен олларға ешкім қолдау көрсетпеді. Енді міне еврейлер жеке мемлекет құрғысы келеді. Әлбетте, бұл ақылға қонымды» деген мәлімдеме жасайды.
Әрине, Громыконың бұл сөздері Кремль қожайыны Сталинның ұстанымы екені айтпаса да түсінікті.
Сонымен, 1947 жылдың қараша айында БҰҰ Британияның Палестинадағы мандатын Араб және Еврей территориясына бөлу туралы резолюция қабылдайды. Әрине, мұндай шешімге келіспеген арабтар бірінші бас көтеріп қолына қару алады. Содан бері бұл соғыс тоқтаған жоқ.
Палестинадағы араб жерлерінің осы аралықта қаншалықты кішірейген қарай салыңыз. Алпауыттар бұл текетіресті тек өз мүдделері үшін ғана пайдаланып келеді. Бұл соғыстың басты қаруы имитация мен манипуляция.

 

 

 

Пікірлер