«111 — AMANAT» сенім телефоны арқылы 1688 өтініш қабылданды

1250
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева «111 — AMANAT» сенім телефоны арқылы 1688 өтініш қабылданғанын айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«111 – AMANAT» мемлекеттік байланыс орталығы / сенім телефоны жұмысының алғашқы 4 күнінде алуан түрлі мәселеге байланысты 1688 өтініш қабылданды: емдеу, білім беру, жәрдемақы, зорлық-зомбылық және қатыгездік, психолог пен заңгердің көмегі. 533 адам психологиялық көмек алды»,—деді ол.

Айтуынша, байланыс орталығы мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен, телеарналармен бірлесіп ақпараттық жұмысты бастап кеткен.

«Егер сіз:
- қиын өмірлік жағдайға тап болған, әлеуметтік көмек пен мемлекеттің қолдауына мұқтаж отбасы, бала;
- зорлық-зомбылық, буллинг фактілері;
- баланың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін жағдайлар туралы білсеңіз, 111 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Жақын арада мектептер мен қоғамдық орындарға плакаттар мен баннерлер ілінеді.

Орталық мемлекеттік органдармен байланыста тәулік бойы жұмыс істейді. Барлық өтініш құпия сақталады. Қоңырау шалу тегін.

Көмек Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырылады»,—деп түсіндірді уәкіл.

Еске салайық, бұған дейін балалар құқығын қорғайтын «11 нөмірі шұғыл байланыс қызметтері тізіміне қосылғаны белгілі болған еді.

Пікірлер