Мен қазақ тілінде қызмет талап еткен үшін маған жала жауып, сотқа тартып жатыр!

4200
Adyrna.kz Telegram

Достар! Мен қазақ тілінде қызмет талап еткен үшін маған жала жауып, сотқа тартып жатыр!

Маған атақ іздеуші емес, шын тілін, елін сүйетін адвокаттардың, құқыққорғаушылардың, блоггерлердің, БАҚ және барлық тіл мәселесіне немқұрайлы қарамайтын адамдардың көмегі қажет!

Бастапқыда 05.05. 2019 ж. Квон Лилия Владимировна, оның жалға берушісі Искакова Меруерт Арыстанбекқызы мен танысы Несмеянова Ирина Петровна мені ұлтаралық араздық тудырды деп айыптады, бірақосы бап бойынша полиция өтінімді қарастырмайды. Одан кейін, мүмкін полиция қызметкерлерінің кеңесі бойынша, 16.05.2019 жылы олар қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап етіп балағат сөздермен жәбірледі деп жаңа мәлімдеме жасады! Бірінші және екінші мәлімдемелердің ешқайсысы да шынайы емес, бірақ біздің сот және құқық қорғау органдарына шындық керек емес.

Шын мәнінде, бәрі керісінше – өтініш берушілер мені балағаттап, жеке басымның және ұлттық ар-намысымды жәбірледі.

Бұл арыз берушілерді менің үйім жататын бөлімшелік полицияның бұрынғы қызметкері , қазір учаскелік аға полиция қызметкері Асанов Еділ қолдап, кеңес берді деп ойлаймын, өйткені алдыңғы жылдары мен Вега ПИК (пәтер иелерінің кооперативі) бұрынғы төрайымы Н.А. Новикованың заңсыз әрекеттеріне қарсылық көрсеткенде Асанов Е.Б. оны қолдап, онымен бірігіп мені кудалаған. Сосын мен Астанадағы барлық мемлекеттік органдарға арыздануға мәжбүр болдым.

Асанов Е.Б. және Новикова Н.А. кек алу үшін барлық мүмкіндікті пайдаланғысы келеді, олар Исакова М.А. мен етене таныс.

16.05.2013 ж. сағат 21.00-де үйіме Кизметаев Олжас Жанболатұлы полиция қызметкері келіп, жергілікті полиция қызметінің басшысының орынбасары Оразалиев Елдос Серікқанұлы жоғарыда аталған тұлғалардың жаңа мәлімдемесін жедел тексеруді талап етіп жатыр деді. Мені тез айыптау керек болып жатырған көрінеді. Мені ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлімі бойынша айыпталудамын – сот осы аптада өткізілуі тиіс, нақты қашан екені бүгін белгілі болады.

Мені қолдағысы келгендер ҚЗ ІІМ, бас прокуратура парақшасына жазуға, және министрлік қызметкерлерімен байланысып маған қолдау көрсетуге болады.

Жұлдызай Форт

Редакциядан: Біз Жұлдызай Фортқа хабарласып, мәселенің мән-жайын сұрастырдық. Сотты 6-шы маусымға ауыстырыпты. Жұлдызай Форттың талабы бойынша. Өйткені, сотқа адвокат жалдап, дайындалу керек дейді. Мектепті де, Университетті де орысша бітіріп, Мәскеуде білім алса да,  12 тіл білсе де, тек қана қазақ тілінде сөйлеп жүрген Жұлдызай біздің "полиглоттарға" үлгі боларлық. Біз осы сот барысын бақылауымызға аламыз.

 

Пікірлер