Комбинат пен көмір Лакшми Митталға қалай өтті - Жәкішевтің версиясы

1117
Adyrna.kz Telegram
kaz.orda.kz
kaz.orda.kz

Уран нарығының майталманы Мұхтар Жәкішев "Қарметкомбинатты" аустралиялық компания біраз жыл бұрын 5 млрд долларға сатып алуға дайын болғанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Orda.kz тілшісіне берген сұхбатында "Қазатомөнеркәсіптің" экс-басшысы Мұхтар Жәкішев көптеген тақырыпты кеңінен қозғады. Соның бірі бүгінде жарылыс болып, 46 кеншінің өліміне әкелген "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының бұрынғы басшысы Лакшми Митталдың әрекеттері де сөз болды.

"Менің естуім бойынша келгеннен бастап Лакшми Миттал көмірді көздеген. Біз оған "Қарметкомбинатты" ұсындық. Бірақ көмір де, комбинат та оған толық кетті. Оның үстіне компанияның қарызын басқа біреуге ілді. Яғни, басқа бір кәсіпорын мемлекетке қарызды төлейді. Ал Лакшмиге қарызсыз, бос кәсіпорынды берді",-дейді Жәкішев.

Сұхбат барысында Лакшми Митталмен текетірес ашық талқыланды.

"Біз оның кәсіпке қалай кіргенін білмейміз. Қолымызда келісімшарт болмады, ол қандай қызметте, қандай талаптармен кіргенін білмейміз",-дейді ол.

Сұхбат аясында "Қарметкомбинатты"  5 млрд долларға сатып алмақ болған аустриялық компанияның  ұсынысын қабылдамай, билік тарапынан 150 млн доллар сұралғаны да жасырын қалмады.

Еске сала кетейік, Мұхтар Жәкішев 2000 жылдардың басында төрт ай Энергетика министрінің орынбасары болды.  Ал  1990 жылдардың ортасында "Қарметкомбинатқа" үміткер "Бутя"холдингінің басшылығына кірді.

Пікірлер