«Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама». Министр заңға қатысты мәлімдеме жасады

1405
Adyrna.kz Telegram
фото: NUR.KZ
фото: NUR.KZ

2023 жылы 10 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Аталған заңдағы негізгі құқықтық тетіктердің бірі желідегі жарнаманы таңбалау міндетін Аида Балаева атады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Әлемнің жетекші елдері онлайн жарнаманың маңызды рөлін және оны интернетте таратуға ерекше мән береді. Мысалы, Франция, Бельгия, Ұлыбритания және Италия сияқты бірқатар дамыған елдерде блогерлер қызметі құқықтық актілермен реттеледі. Бұл ережелер әлеуметтік желідегі маркетинг нарығында ашықтық пен әділ бәсекені қамтамасыз етеді. Ал Қазақстанда коммерциялық материалдарға жарнама деген белгіні қою негізгі талаптардың бірі. Аудитория таратылып отырған ақпараттың ақылы жазылғанын білуі тиіс», - дейді министр.

Сонымен қатар тамыз айында «Онлайн жарнама таңбалау ережелерін» жарияланған болатын. Онда жарнамалық материалдарға арнайы белгі қою міндеттері бар. Соған сәйкес ақылы материалдар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылатын нұсқалардың біріне белгіленуі қажет. Мысалы, жарнама –реклама, жарнамалық материал – рекламный материал, серіктестік материал – партнерский материал, демеушілік материал – спонсорский материал, жарнама құқығында – на правах рекламы, демеушімен төленген – оплачено спонсором, PR құқығында – на правах PR деген белгілері болуы қажет.

Аида Балаеваның сөзінше, интернеттегі жарнаманы таңбалау әлемдік тәжірибе үшін ғана қолға алынбаған. Бұл әлеуметтік желідегі нарықтық қатынастар мәдениетін қалыптастыру үшін қажет. Сондай-ақ бұл заң блогерлерге кәсіпкерлік кодекске сәйкес ақылы қызмет көрсету міндеттерін жүктейді. Яғни, олар кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеуі тиіс.

«Бүгінде құзыретті органдар маркетингтік қызмет көрсететін блогерлердің статусын анықтаумен айналысуда. Осы кәсіп түрімен пайда тауып жүрген азаматтар тиісті мекемелерге тіркелмеген жағдайда, заңсыз кәсіпкерлік қызметі үшін жауапкершілік бар екенін еске саламын. Бірінші кезеңге мемлекеттік кірістер комитеті ірі блогерлерге тәуелсіз мониторинг жүргізіп, оның негізіне бақылау жүргізді. Алдағы уақытта біздің ведомство мен салық органы арасында бірлескен жұмыстар ұйымдастырылады. Сонымен қатар блогерлер өздерінің жарнама берушілеріне мұқият болуы керек. Өйткені, әлеуметтік желілердегі әр ақпарат үшін жарнама жасаушы толық жауапкершілікте болады» - деп атап өтті А.Балаева.

Заңға сәйкес, енді қаржы пирамидаларын жарнама жасағандарға 2 АЕК мөлшерінде айыппұл, 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға  тарту немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Қылмыстың ауырлығына қарай мүлкі тәркіленіп, 3-7 жылға дейін бас бостандығынан айыру да қарастырылған. Одан басқа елімізде тексерілмеген ақпаратты таратқан әлеуметтік желі қолданушыларына да жаза қарастырылған. Құқық бұзушылықтың ауырлығына қарай әлеуметтік желіні пайдаланушылар да әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер құқық бұзушылық бір жылдың ішінде қайталанса, 10 күндік әкімшілік қамауға алынады немесе  қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер