"Қазақстанда әділдік жоқ!" Таразда сотталушылар сот отырысы кезінде өздеріне қол жұмсамақ болды

4361
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі сотында сот процесі өтіп жатқан уақытта айыпталушылар тағылған айыппен келіспей, тамырларын кескен, деп хабарлайды "Адырна" порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстық сот тағы да есірткі және қару-жарақ сатты деп айыпталған бір топ адамның ісін қарады.

Сот отырысында бес айыпталушы отырды. Солардың бірі – Ербол Ахметов.

2016 жылы 6 желтоқсанда ұлына тағылған айыппен келіспейтін анасы Бас прокуратура ғимаратында өзін-өзі өртеп жіберген.

Бүгін Ахметов сотта Жамбыл облысында заңсыздық пен сыбайлас жемқорлықтың орын алып отырғанын және сотталушыларға тағылған айыптардың барлығы негізсіз екенін қатты дауыстап мәлімдеді.

Сезімге толы сөзінің соңында ер адам қолын жоғары көтеріп, ашулы күйде тіліп тастады. Оның ісіне тағы екеуі ерді.

Сот орындаушылары сотталушыларды бірден тоқтатып, сот залынан алып шықты.

«Сотталушылар белгісіз заттармен өз денелеріне зақым келтірген. Қазіргі уақытта барлығына медициналық көмек көрсетілді», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот отырысын кейінге қалдыруға тура келді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер