Астана саммитінен кейін. Америка мемдепартаменті өкілі де келе жатыр

1470
Adyrna.kz Telegram
dzen.ru
dzen.ru

АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лу Қазақстанға келеді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Дональд Лу АҚШ-тың Орталық Азияға сапарлайтын делегациясына жетекшілік етеді. Делегация қыркүйекте C5+1 форматында өткен алғашқы саммиттің жетістіктерін бекітеді.

АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі елордада Қазақстанның бірқатар жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесіп, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті кеңейту бойынша диалогқа қатысады.

Ресми ақпараттар бойынша, АҚШ пен Қазақстан саяси және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты, экономикалық әріптестік пен адам құқықтарын қорғауды қоса алғанда, өзара мүдделі бірқатар мәселелерді талқылауды жоспарламақ.

4-11 қарашада Қазақстан, Өзбекстан және Үндістанға барады. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаменті мәлімдеді.

Қазақстаннан кейін Дональд Лу көршілес Өзбекстанға жол жүреді.

Дональ Лу қауіпсіздік серіктестігін кеңейту және аймақтық мәселелерді шешуді талқылау, адамдар арасындағы байланысты нығайту және әртараптандыру арқылы екіжақты байланыстарды дамыту жолдарын талқылау үшін Өзбекстанның жоғары лауазымды шенеуніктерімен кездеседі.

Өзбекстаннан кейін АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дональ Лу мен АҚШ делегациясы Үндістанға аймақтық және жаһандық мәселелер, таза энергетика және қауіпсіздік ынтымақтастығы, АҚШ пен Үндістан арасындағы 2+2 министрлік диалогы қарсаңында серіктестермен кездесуге барады.

Пікірлер