Спорт министрі федерация басшыларын сынға алды

1011
Adyrna.kz Telegram
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев семсерлесу және таэквондо федерацияларының басшылары мен жаттықтырушыларымен кездесу өткізді. Жиында спорт түрлерінің Азия ойындарындағы қорытынды есебі тыңдалып, алдағы Париж Олимпиадасына қатысты жоспарлар талқыланды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Ермек Маржықпаев Ханчжоудағы көрсеткен нәтижелерге көңілі толмайтынын жеткізіп, федерация өкілдерінің Азиада алдында берген міндеттемелерін орындай алмағанын қатты сынға алды.

Кездесу барысында, министр құрлықтық жарыстың нәтижелеріне жан-жақты талдау жүргізіп, қателіктермен жұмыс істеуді тапсырды. Сондай-ақ Париж Олимпиадасына дейін жеткілікті жолдамаларды жеңіп алуды алға тартты.

Көріп отырғанымыздай, Азия ойындарында екі федерацияның спортшылары көңілден шығатындай нәтиже көрсетен жоқ. Дегенмен, бұл сәтсіздіктен, бүгінгі сыннан тиісті қорытынды шығару керек. Алдымызда Париж Олимпиадасы. Енді қалған сегіз айда дайындықты күшейтіп, лицензиялық турнирлерде топ жару қажет, –  деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Айта кетейік, кездесуде семсершілер Париж Олимпиадасына бес, ал таэквондошылар екі жолдама жеңіп алуға міндеттеме алды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер