Бүгінгі теледебатқа Тоқаев шыға ма?

1542
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, кешкі 18.00-де "Хабар" арнасында тікелей эфирде өтетін кандидаттар дебатына Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнына оның сайлауалды штабының жетекшісі Мәулен Әшімбаев қатысады.  Бұл туралы "Нұр Отан" партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

“Өздеріңіз білетіндей, Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық кеңес және басқа да халықаралық дәрежедегі шараларға қатысты. Сондықтан, Қасым-Жомарт Тоқаев бұйрығымен оның атынан, сенімгер тұлға ретінде теледебатқа Республикалық қоғамдық штаб басшысы Мәулен Әшімбаев қатысады”, - деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

ҚР президентінің көмекшісі Ерлан Қарин  Тоқаевтың  теледебатқа қатыспайтынын айтқан болатын.

Теледебатқа Жамбыл Ахметбеков, Әміржан Қосанов, Төлеутай Рахымбеков, Амангелді Таспихов, Сәді-Бек Түгел қатысатындарын айтты. Inforumburo.kz сайтының хабарлауынша, "Ақ жол" партиясының кандидаты Дания Еспаева дебатқа қатыспайды. Оның орнына партия төрағасы Азат Перуашев қатысады.

Пікірлер