Сирияда террористік топ құрамында болған қазақстандық елге жеткізілді

1274
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Кеше ҰҚК қызметкерлері 2013 жылдан бастап Сирияда террористік топтар құрамында болған ҚР азаматын Түркиядан Қазақстанға жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Оның радикалдық идеялардан көңілі қалғаны, өз еркімен террористік әрекеттен бас тартып, Түркияға өткені және отанына оралу үшін билік өкілдеріне берілуді шешкені белгілі болды. Өзінің әрекетімен ол басқа содырларға олардың одан әрі террористік белсенділік аймақтарында болудың келешегі жоқ екенін көрсетпек болды, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Сонымен қатар азамат Қазақстанға келгеннен кейін қамауға алынды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы («Террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу») бойынша қылмыстық іс тергеп-тексеріліп жатыр.

Айталық, ерікті түрде берілу фактісі тергеу барысында ескерілетін болады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер