Қазақстан ағылшын тілінен "өте төмен" деген баға алды

1631
Adyrna.kz Telegram

Ағылшын тілін меңгеру көрсеткіші бойынша Қазақстан 113 елдің ішінде 104-ші орынға ие болды. Мұндай деректерді Education First халықаралық компаниясы жариялады. Анықталғандай, есеп 113 ел мен аймақтағы 2,2 миллион ересек адамды тестілеу нәтижелеріне негізделген, - деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

Бірінші орынға Нидерланды шықты. Рейтингте екінші орында Сингапур тұр. Австрия үшінші орында.

Алғашқы ондық келесідей табан тіреді:

  1. Нидерланды;
  2. Сингапур;
  3. Австрия;
  4. Дания;
  5. Норвегия;
  6. Швеция;
  7. Бельгия;
  8. Португалия;
  9. Оңтүстік Африка Республикасы (РСА);
  10. Германия.

Бұл рейтингте Ресей 41-орында, Украина 45-орында, Түркия 66, Ауғанстан 88-орында болды.

Қазақстандағы ағылшын тілін меңгеру деңгейі рейтинг бойынша «өте төмен» деп бағаланды. Еліміз 104-ші орында. Рейтингте Қырғызстан 90-шы орында.

105 орын. Сомали;
106 орын. Ирак;
107 орын. Кот-д'Ивуар;
108 орын. Сауд Арабиясы;
109 орын. Руанда;
110-орын. Ливия;
111 орын. Йемен;
112 орын. Тәжікстан;
113-орын. Конго Демократиялық Республикасы.

Бір қызығы, 2021 жылғы халық санағы бойынша 5 жастан асқан халықтың 44,9 пайызы екі тілді, тағы 28,6 пайызы үш тілді меңгерген. Санақ қорытындысы бойынша тағы 1,7 пайызы 4 тілді меңгергені, 0,2 пайызы 5 тілді білетіні анықталды. 6 тілді білетін полиглоттардың үлесі 0,1 пайызды немесе 8 845 адамды құрады.

5 немесе одан да көп тілді білетін полиглоттардың ең көп саны Алматыда тұрады. Бұл ретте 35,1 пайызы немесе 6 042,1 мың адам ағылшын тілін біледі, оның ішінде 27,6 пайызы еркін сөйлейді. Жас сегментінде ағылшын тілін білетіндердің үлесі 10-14 және 25-29 жастан жоғары.

Пікірлер