Naton медициналық компаниясы Алматы Индустриалды аймағында зауыт құрылысын бастамақ

1027
Adyrna.kz Telegram
nvkz-tub.ru
nvkz-tub.ru

Әлемге әйгілі Naton медициналық компаниясы Қазақстанда өкілдік ашуды жоспарлап отыр. Орналасу мүмкіндігі ретінде Алматы Индустриалды аймағы көзделіп отыр, тараптар арасында тиісті келіссөздер жүргізілді.
Тиімді ынтымақтастық мүмкіндіктерін ұсына отырып, «Алматы – Индустриалды аймағы» ЖШС директоры Әлішер Сатыбалдиев дайын инженерлік инфрақұрылымымен бос жер учаскелерінің бары, инвесторларды мемлекеттік деңгейде сүйемелдеу және қолдау, Алматының Еуразиялық континенттің транзиттік жолдарының қиылысында қолайлы географиялық орналасуы туралы айтты.
Naton компаниясының тобы 18 жоғары технологиялық кәсіпорындарды қамтиды, оның 2 кәсіпорны Германияда және 2 кәсіпорны Финляндияда. Бренд ортопедия (жамбас, тізе буыны, омыртқа үшін), травматология, стоматология және спорт медицинасы саласындағы медициналық имплантаттарымен кеңінен танымал.
Бас кеңсе Пекиннің солтүстік-батыс бөлігінде Чжунгуаньцунь инновациялық паркінде орналасқан. Компания өнімі әлемнің 130 елінде сатылады, сондай-ақ ғылыми ортада, мысалы, Стэнфорд университетінде және Гарвард медицина мектебінің жанындағы Массачусет жалпы ауруханасында белсенді түрде пайдаланылады. Сатудан түскен табыстың жыл сайынғы өсімі соңғы он жыл ішінде 29%-ға жетті, 2019 жылы компанияның пайдасы $1,6 млрд. долларды құрады.
Бүгінде, Naton өнеркәсіп, ғылыми орталар, зерттеулер және қолданбалы бағдарламалар үшін біріктірілген инновациялық платформа болып табылады. Naton ғылыми-зерттеу орталығы – ортопедиялық зерттеулер мен халықаралық стандарттағы әзірлемелерге арналған Қытайдағы алғашқы практикалық алаң, онда 700-ден астам ғылыми-зерттеу жобалары іске асырылды. Жалпы алғанда, компанияның барлығы 541 патенті бар және биорезорбцияланатын полилактикалық қышқыл әзірлеуде әлемдік көшбасшылыққа ие болып отыр.

Пікірлер