Ерболат Досаев Мемлекет басшысына қала экономикасының қарқынды өсіп келе жатқаны жөнінде мәлімет берді

989
Adyrna.kz Telegram
exclusive.kz
exclusive.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады. Мемлекет басшысына қала экономикасының қарқынды өсіп келе жатқаны жөнінде мәлімет берілді.

Президентке қала экономикасының қарқынды өсіп келе жатқаны, қысқа мерзімді экономикалық индикатор жыл басынан бері 13,5 пайызға көтерілгені жөнінде мәлімет берілді. Өңдеу өнеркәсібінің даму қарқыны (+21%)  бойынша Алматы елімізде тұрақты түрде бірінші орында келеді. Мегаполис экономикасына 1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды. Бұл ретте жеке инвестициялардың өсімі 7,3 пайызды құрады. Белсенді жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 341 мыңға дейін жетіп, 25,8 пайызға артты. Республикалық бюджеттің түсімі 38,4 пайызға өсіп, 3,91 триллион теңгеге дейін жетті. Жергілікті бюджеттің түсіміне қатысты жоспар 28,7  пайызға  (243 млрд теңге) асыра орындалды. Жыл басынан бері 58,7 мың жұмыс орны ашылды, оның 77 пайызы тұрақты жұмыс орны. 2023 жылдың қорытындысы бойынша экономика өсімінің қарқыны 6,5 пайызға дейін жетеді деген болжам бар.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындарды сапалы сумен, су бұру желілерімен қамтамасыз ету, инвестиция тарту жөніндегі шараларды күшейту, сондай-ақ Алматы агломерациясымен көлік байланысын жақсарту жөніндегі жобаларды одан әрі іске асыруға ерекше назар аударуды тапсырды.

Пікірлер