Астанада қатты желден ұшқан қоршау әйелді жарақаттады

1371
Adyrna.kz Telegram
Фото: Астана қаласы Есіл ауданының әкімдігінен
Фото: Астана қаласы Есіл ауданының әкімдігінен

Астанада қатты желдің салдарынан сауда орталығыгың қоршауы ұшып кетті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұл туралы Астана қаласы Есіл ауданының баспасөз қызметі хабарлады.

Қатты желден ұшқан қоршау бір әйелдің үстіне құлаған. Қазір тұрғын №2 қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілген.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі баннерді Mega SilkWay сауда орталығы орнатқанын хабарлады.

Қатты жел салдарынан баннер мен оның пластикалық жақтауы ұшып кеткен. Нәтижесінде 1954 жылы туған азамат жарақат алды, оның кеуде және шынтақ буындары көгерген. Тұрғын №2 қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта қоршауға ілінген баннерлер кесіліп, алынып тасталды, өйткені олар ісініп, қоршауды құлатқан, - деп жазылған ведомствода.

Пікірлер