19 қараша – ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні

1251
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

19 қараша – ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні. Ел диқандарының атаулы мерекесі 1998 жылдан бері тойланып келеді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қараша айының үшінші жексенбісі ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні болып табылады. Бұл дата елімізде заңнамалық деңгейде бекітілген.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, соңғы 10 айда елдегі ірі қара 9 млн, қой мен ешкі 23 млн, жылқы 4 млн, түйе 277 мың, ал құс саны 54 млн-ды құраған.

Ауыл шаруашылығы вице-министрінің айтуынша, өсімдік, мал шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау да жоғары. Биыл осы салаға Үкіметтен 7,2 млрд теңге бағытталған. Ал субсидия көлемі 15,7 млрд теңгені құрайды екен.

"Биылғы жылы 425 млрд теңге қарастырылған, 115 млрд мал шаруашылығына, 100 млрд теңгеге жуық қаржы егін шаруашылығына, 200 млрд теңге қажетті құрал-жабдықтарға бағытталған",-дейді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков.

Пікірлер