Қырғызстан елге келетін еңбек мигранттарын шектеді

2254
Adyrna.kz Telegram
Фото: Азаттық радиосы
Фото: Азаттық радиосы

Қырғызстан республика аумағына кіретін еңбек мигранттарының санын шектеді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Economist басылымына сілтеме жасап.

Қырғызстан министрлер кабинетінің өкімімен еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында Қырғызстанға келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың шекті санын белгілейтін квота нақтыланды.

Ресми құжатқа сәйкес, республиканың астанасы Бішкек бойынша квота 12 мың 850 адамды, Ош қаласы бойынша – 845 адамды, республика бойынша жалпы 25 мың адамды құрайды.

Министрлер кабинетінің басқа өкімдерінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қырғызстанға көшуіне шекті санын белгілейтін 2024 жылға арналған иммиграциялық квота да айқындалды.

Квотаға сәйкес, Бішкек қаласында 100 адамды, Ош қаласы бойынша-30 адамды, республика бойынша барлығы 400 адам мемлекетке көшіп келе алады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер