Қытай экономикасының құлдырауына қазақ пен ұйғыр кінәлі ме?

2009
Adyrna.kz Telegram

Қытайда коммунистік диктатура, тоталитаризм режимі орнады. Сол тоталитаризм Қытай экономикасын құлдыратты, ал 6% өсімге жетіп отырмыз дегені- қосып жазу, яғни приписки, жалған дерек беру.

Қытайдағы коммунистік диктатура, тоталитаризм режимін орнатып өз экономикасын тежеп, тұрмыс дәрежесін төмендете береді. Қытайдың  коммунистік диктатурасы мен тоталитарлық режимі өздері жіберген қателіктеріне кінәлі ретінде ұйғыр мен қазақты, дүңген мен қырғызды айыптайды. Бара келе, Қытайдың коммунистік диктатурасы мен тоталитарлық режимі өз ұлты өкілдерін-хансу өкілдеріне де кінә тағып, соларға бәле жабады. Қытайдың  коммунистік диктатурасы мен тоталитарлық режимі елді үлкен масштабты экономикалық , финанстық дағдарыс, ал сәл кейіннен саяси дағдарысқа әкеледі.

Қытай - ұлы держава, көне мәдениетті және еңбекқор халық ретінде демократияға бағыт алып барады. Аталған демократиялық үрдіс бірнеше революциялық кезеңнен өтпек.  Қытайда демократиялық режим оңайшылықпен орнамайды және біраз жылдарға созылады. Алғашқы революциялық кезеңдер коммунистік немесе фашистік -популистік үкімет орнап, олар көрші елдерді жаулап, хань халқын империялық оккупанттық мемлекетке айналдырғысы келуі ықтимал. Біраз жылдар бойы Ұлыханьдық  популистік идея Қытайды есеңгіретпек, бірақ Қытай ұлты есін жиып өркениетті елдер қатарына демократия жолына шығады.

Әзімбай Ғали

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер