"Нәр татпаған". Павлодар облысында сегіз айлық сәби өлімінің себебі анықталуда

1336
Adyrna.kz Telegram

Павлодарлық еріктілер әлеуметтік желіде сегіз айлық баланың ауыр жағдайда қайтыс болғанын хабарлады. Деректерге сүйенсек, қайғылы жағдайды бастан кешіріп отырған отбасындағы қалған балалар да өлім аузында отыр, деп хабарлайды "Адырна" порталы Pavon.kz сайтына сілтеме жасап.

Сәбидің өлімі туралы ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады, бірақ оның өлімінің себебі әлі айтылмады.

«Жедел жәрдем бөлімшесінің мәліметінше, 17 қарашада Шідерті ауылында 2023 жылы туған баланың өлімі расталды. Ата-аналар нақты орналасқан жерінде медициналық көмекке жүгінбеген», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 

Сот-медициналық сараптама орталығында баланың мәйітіне тексерістер жасалды. Соңғы диагноз гистологиялық зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін қойылады.

Қазақстанда жыл басынан бері 25 бала көз жұмды, оның алтауы жақын адамдарының қолынан қаза тапты. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева осындай жан шошырлық статистикамен бөлісті.

 

Пікірлер