Белгілі меценат Дулат Тастекей режиссер Мұрат Есжанға ат мінгізді

2000
Adyrna.kz Telegram

Алматыда «Міржақып. Оян, Қазақ» кинотуындысының режиссері Мұрат Есжанмен кездесу өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Аталмыш шара режисердің өзі оқыған алтын ұя мектебінде ұйымдастырылды. Мұрат Есжан мектепте оқыған жылдар туралы естелік айтып, қызықты жайттарға тоқталды. Ұлағатты ұстаздары жайлы сыр шертіп,  ұшқан ұяның болашақ өміріне тигізген әсерімен бөлісті.

Меценат әрі осы мектептің түлегі Дулат Тастекей «Ұшқан ұя» түлектер қауымдастығының атынан белгілі режиссер Мұрат Есжанға ат мінгізіп, құрмет көрсетті.  

 «Мұрат Есжан мектепке деген сағынышын, жылуын, құрметін аяп жатқан жоқ. Бұл осында отырған кейінгі буынға үлгі боларлық іс екені анық. Сондықтан қазақи салттан айтымай артымыздан ерген ініге ақбоз ат мінгізу парызымыз», – деді Дулат Тұрсынұлы.  

 Мұрат Есжанның «Оян Қазақ» туындысы қалың қазаққа ұнаған, рухын көтеріп, намысын қайрағаны ақиқат. Марапаттау рәсімі Дулат Тастекей мен Мұрат Есжан оқыған Абай атындағы РММИ шаңырағында өтті. Негізгі шара ресжиссердің жастармен кездесуіне арналды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер