Мұрат Әуезов туралы кітап жарыққа шықты

1298
Adyrna.kz Telegram
Фото: Еуразия ұлттық университеті
Фото: Еуразия ұлттық университеті

Тарихшы Әміржан Әлпейісовтың Мұрат Әуезовтың өмірі мен еңбек жолына арналған «Мұрат» роман-эссесі жарық көрді, деп жазады Kazinform. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы хабарлайды.

«Мен Мұрат Әуезов сияқты қазақтың тәуелсіздігі үшін сонау кеңес заманының өзінде үгіт-насихат жасап, «Сарыарқа» деген ұйымның мүшесі болған едім. Сондықтан Мұрат Әуезов біздің көсеміміз, жол бастаушымыз сияқты. Біз «Жас тұлпардың» қанатының астынан шыққан жас студенттік ұйымдар болдық. Сол жас ұйымдардың мүшесі болып, 70-жылдардан байланыс орнаттық», — дейді автор Әміржан Әлпейісов.

Кеше Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде кітаптың тұсаукесері өтті. Шығармада Мұрат Әуезовтың өмірбаяны мен еңбек жолы баяндалған. Сондай-ақ «Жас тұлпар» ұйымын құрғаны жайлы толық мәлімет берілген.

Автор — Мұрат Әуезовтың рухтас-үзеңгілес інісі.

Көпшілік оқырманға арналған «Мұрат» роман-эссесі Мұрат Әуезовтың мемлекет қайраткері ретінде тұлғасын ашып, жастарға отансүйгіш қасиеттің қандай болатынын көрсете білген.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер