СҚО-да Ұлттық ұлан курсанттары жаппай қызылша жұқтырды

986
Adyrna.kz Telegram

Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясында 17 курсант қызылша ауруын жұқтырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

Алғашында Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы 29 жағдай туралы хабарлады. Министр бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«29 адам күдікпен түсті (қызылша – шамамен), оның 17-сі расталды. Қазір респираторлық вирустық инфекциялардың эпидемиялық маусымы, түрлі инфекциялар бар, оның ішінде тұмау, парагрипп және басқа да диагноздар», - деді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Министрдің айтуынша, қазірдің өзінде 16 адам жазылып, ауруханадан шығарылды. Бір адам медициналық бөлімде ем қабылдап жатыр. Бұл ретте академияда карантин енгізілмеген.

"Біреуі (курсант – түсіндірме) қазір медициналық бөлімде емделіп жатыр. Қалғандары жазылып үлгерді. Негізінен екпе алған немесе бір рет ауырғандардың өмір бойы иммунитеті жақсы сақталады. Ал ауырмағандары жұқтырып алады, оның өзінде жеңіл түрде», - деді Ғиният.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда қызылшаны жұқтырудың 17 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Оның 82 пайыздан астамы балалар, оның ішінде екпе алмағандар 83 пайыз. Соңғы мәліметтер бойынша, 23 баланың жағдайы ауыр.

Пікірлер