Алматыда креативті индустрия серпін алмақ

893
Adyrna.kz Telegram
egemen.kz
egemen.kz

Индустрияға да креатив керек. Мемлекет басшысының пәрменімен бастау алғалы тұрған тың жоба Алматыдағы креативті индустрияға венчурлық қор серпін береді,деп жазды «Адырна» тілшісі.

Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаевтың айтуынша, креативті индустрия әлемдік экономикадағы басым саланың бірі. Оның әлеуетін ескере отырып, мегаполис аясында осы саланы тиімді әрі сапалы дамытудың оң шешімі табылды,деді спикер.
«Былтыр Мемлекет басшысы қала халқымен кездесу барысында бастапқы капиталы 10 млрд теңгеге болатын креативті индустрияның қалалық венчурлық қорын құру жөніндегі бастаманы қолдады, оның 5 млрд-ы жергілікті бюджеттен бөлінді, қалған 5 млрд-ы жеке инвестициялар есебінен тартылды», - деді Берік Солтанбаев.
Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы қор АХҚО-да қазан айында тіркелген соң оны іске қосудың жоспарланып отырғанын жеткізді.

Пікірлер